Әлемдік қаржы құралдары бойынша сарапшылар
> 5 000 000 000 USD

Операциялар көлемі

> 1000

Мәмілелер сомасы

> 700

Клиенттер

209

Елдер

Сұрау қалдыру

Алдын-ала несие сенімді қаржылық құрал болып табылады

Алдын-ала несие шағын және неғұрлым ірі өндіруші-компанияның табысты дамуында зор роль атқарады. Аталған қаржылық құралды пайдаланудың ұтымды шарттарымен қоса, талассыз артықшылықтары да бар.

Кредитті орау схемасы

Қаржы институты

компанияның өнімді үздіксіз өндіру, оны буып-түйіп, соңғы сатып алушыға тасымалдап жеткізгенге дейінгі мақсатын жүзеге асыру үшін  Алдын-ала несие береді. Алдын-ала несие көбінесе экспорттаушы компания сатып алушымен келісімшарт бойынша міндеттемелерін толық орындап болғанға дейін қажет болады. Сатып алушыға өнімнің соңғы партиясы жеткізіле салысымен, келісімшартқа қатысушылардың арасында түпкілікті есеп айырысу жүргізіледі. Алдын-ала несие осы уақыт аралығында өз жұмысын «орындады», сатып алушымен келісімшарт бойынша түпкілікті есеп айырысқан күнге дейін өнімді жеткізуде үзілісті және тосыннан болатын қаржылық қиындықтарды болдырмау үшін  экспорттаушының жеткізілімінің бүкіл тізбегін тоқтаусыз қамтамасыз етіп тұрды. Алдын-ала несие берген банк компанияның мақсатына қажетті аванс түрінде аз соманы беруі де, қажетті толық соманы беруі де мүмкін.  Аванстық төлемнің мөлшері болжамды тәуекелге байланысты болады және аталған аванс мөлшері  бойынша  банктің шешімі жекелей түрде  қабылданады.

Алдын-ала несие ыңғайлы және берешек қаржылық қаражатты өтеу шарттары икемді болып табылады. Ол, расында да, банк несиесінің классикалық түріне қарағанда, артық және пайдалы. Алдын-ала несие экспорттаушы компанияның ұлттық валютасы түрінде де, немесе экспорттаушы компания мен несие беруші банктің өзара келісілген шешімі бойынша басқа жылдам айырбасталатын валютамен де берілуі мүмкін.

Банктер мен басқа да несие беруші мекемелер аталған қаржылық құрал түріне тапсырыс берген компанияға міндетті түрде ішкі тексеру жүргізеді. Компанияның таза ниеті ғана емес, сондай-ақ сатушы мен сатып алушының арасындағы келісімшарт та тексеріледі, мәміленің түпнұсқалығын растау үшін сатып алуға берілген тапсырыс не аккредитив тексеріледі. Бірақ осы аталған қаржылық құралмен байланысты құжаттама мен қаржы мекемесінің несие беруі де аса күрделі емес және шығыны да аз екенін міндетті түрде есте ұстау керек.  Оның үстіне, банктен алатын әдеттегі несиеге қарағанда, аванстық төлемнің аталған түрін алуға уақыт та аз жұмсалады.

Қаржы құралының ерекшеліктері

Қаржылық құралдың аталған түрінің ерекшеліктері туралы айтпай кетуге болмайды:

1. Алдын-ала несиенің басты ерекшеліктерінің бірі – оның өзінен-өзі жойылатын несие екендігі.

Бұл дегеніміз,  несие товарлар мен қызметке түпкілікті төлем жасау есебінен жойылуы мүмкін деген сөз немесе сатып алушыға товарды толық түсіріп болғаннан кейін,  қаржылық қаражатқа айырбасталуы  мүмкін. Бұл – қажетті капиталы жоқ шағын экспорттаушылар үшін аса тиімді болып табылады. Осы факт сондай-ақ қаржыландырудағы үлкен тәуекелді болдырмайды, өйткені банктің экспорттаушы түскен пайданы алғанға дейін төлем кепілдігі болады.

2. Алдын-ала несие тіпті өндіруші-компанияның бекітілген бюджетінен неше есе асып түсетін қымбат бағалы товарлар мен шикізатты алуға пайдалану үшін де қолайлы болып табылады. 

3. Алдын-ала несиемен жалдамалы жұмысшылардың жалақысын, коммуналдық төлемдерді, өндірістік техниканы жөндеуді, шикізат төлемінің құны және тағы да басқа шығындарды қоса алғандағы  бүкіл ағымдағы өндірістік шығындарды жабуға болады.  Бұл, әсіресе, экспорттаушы өз товарының бір бөлігін не бүкіл түсірілетін товарын аутсорингке берген жағдайда қолайлы.

4. Әдеттегі овердрафтпен салыстырғанда, пайыздық мөлшерлемесі анағұрлым төмен. Банктердің көпшілігінде аталған қаржылық құралды пайдаланғаны үшін белгіленетін біртұтас пайыздық мөлшерлеме жоқ, өйткені пайыздың мөлшері бизнестің сипатына, қарыздың мөлшеріне, тәуекелдің шамасына және т.б. байланысты болады. Соған қарамастан, алдын-ала несиенің пайыздық мөлшерлемесі банктің классикалық несиесімен салыстырғанда әрдайым төмен болады.

5. Несиелеудің икемді шарттары! Банктер көбінесе экспорттаушыға келісімшарт бойынша түпкілікті төлемін алғаннан кейін, бірден несие қарызын өтеуге мүмкіндік береді. Қажет болғанда, банк экспорттаушының барлық аралық қажеттіліктерін қаржыландыруды жалғастыра беруі мүмкін.

Алдын-ала несие – сенімді және ыңғайлы қаржылық құрал. Жеке өтімді қорды бос қалдырғанша, өндірістің барлық кезеңдерінде бизнесті қаржыландырудың неғұрлым қолайлы және пайдалы тәсілін банктер мен басқа да қаржы мекемелері ұсына алады!

< Үйге оралу

Сұрау қалдыру

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

Liviera Investments Limited сіздің экономикалық мақсаттарыңыздың орындалуына көмектесу үшін көптеген қаржылық құралдарды пайдалануға маманданған.

Біз келесі қаржылық құралдарды шығарамыз:
Аккредитив Аккредитив
Құжаттамалық аккредитив Құжаттамалық аккредитив
Резервтік аккредитив Резервтік аккредитив
Банк кепілдігі Банк кепілдігі
Кепіл хат  Кепіл хат
Қаражаттың бар екендігін дәлелдеу Қаражаттың бар екендігін дәлелдеу
Активтердің бар екендігін дәлелдеу Активтердің бар екендігін дәлелдеу
Ресурстардың бар екендігін дәлелдеу Ресурстардың бар екендігін дәлелдеу

Қосымша сервис:
Біз сондай-ақ банктік құжаттардың жобаларын дайындаудамыз, сондай-ақ SWIFT жүйесінде қызмет көрсетеміз SWIFT жүйесіндегі сервис
Сауданы қаржыландыру Сауданы қаржыландыру
Факторинг Факторинг
Қаржылық консалтинг Қаржылық консалтинг
Сауда консалтингі Сауда консалтингі
IT консалтинг IT консалтинг
Тиелмеген тауарлар төлемі үшін аккредитив  Тиелмеген тауарлар төлемі үшін аккредитив
Қаржыландыру Қаржыландыру
Монетизация Монетизация

Біз келесі елдермен өте белсенді жұмыс істейміз:
Қытай, Индия, Біріккен Араб Әмірлігі (БАӘ), Индонезия, Малайзия, Греция, Америка Құрама Штаттары (АҚШ), Канада, Нигерия, Сингапур, Өзбекстан, Қазақстан, Ауғанстан, Украина, Грузия, Румыния, Гана, Оңтүстік Африка (ОАР), Түркия және тағы басқа елдер.

Біздің команда сіздердің мақсаттарыңыздың орындалып, жоғары нәтижелерге жетуіне көмектеседі.
Біз, Liviera Investments Limited, сіздердің бизнесті табысты дамытуға деген ұмтылыстарыңызға қызығушылық танытамыз және күш-жігерлеріңіздің табыспен өрнектелуіне бар мүмкіндікті жасаймыз.

Liviera Investments Limited-пен ынтымақтастық схемасы

Біздің команда сіздердің компанияларыңыздың үйлесімді дамып, жұмыс істеуі үшін бар білімі мен тәжірибесін жұмсайды. Біз басқа компанияларға ұқсамаймыз, өйткені жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін қаржылық құралдарды қалай сауатты пайдалануды сөз жүзінде емес, іс жүзінде білеміз: көптеген жіберілген және жұмыс істеп жатқан жобалар бизнестің табысты даму процесін зерттеп-үйренуге мүмкіндік берді.

Философия
Біздің мамандар кез келген бизнес барлық міндеттерге тыңғылықты қарауды қажет ететін сансыз нюанстардан тұратынын жақсы түсінеді. Табыс бойынша басшылық деген болмайды, біліктілік дағдысы қалыптасқан сарапшыларымыз сіздерге тез арада табысқа жетуге көмектеседі. Біз сіздердің қызметіңізге ұсынатын инновациялық шешімдерді табамыз!

Сараптама білім
Біз кез келген бизнес жүргізуде түрлі қиындықтар болатынын жақсы білеміз, дегенмен, сол жолдың әр кезеңінде көмек ұсынуға дайынбыз. Біздің мамандар ондай кәсіби жағдайлардан өткен. Бізде бай тәжірибе мен білім бар және өз саламызда сарапшы болып табыламыз!

Біздің желі:
GҰлыбритания, Франция, Германия, Ресей, Қытай, Жаңа Зеландия, Индия, БАӘ, Индонезия, Малайзия, Греция, АҚШ, Канада, Сингапур, Бельгия, Өзбекстан, Қазақстан, Ауғанстан, Украина, Грузия, Румыния, Гана, ОАР, Түркия, Словакия, Болгария, Венгрия.

Liviera Investments Limited — сіздердің барлық сауданы қаржыландыру жобаларыңыз үшін қаржылық серіктес!

Біз туралы көбірек!

ҰСЫНЫСТАР

Сұрау қалдыру

Сұрау

Сіздің өтініміңізді толтырыңыз, біздің қаржылық кеңесшіңіз сізге хабарласады.
Атауы: *
Электрондық пошта: *
Телефон нөмірі (елдің кодымен):
Қаржы құралын немесе қызметті таңдаңыз:
Қосымша Ақпарат:
Have you contacted us before?
Name of your Trade Finance Manager (if applicable):