Операциялар көлемі
Мәмілелер сомасы
Клиенттер
Елдер
Қазіргі әлем өз қағидаларын ұсынып, мақсатқа жету жолында барлық күш-жігерді салуды талап етеді. Әлемдік нарықтың, ақпараттық және компьютерлік технологиялардың, интернет-технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында – ірі не шағын компанияларға жаңа идеяларға, концепциялар мен трендтерге ілесіп отыру кейде күрделірек болады, халықаралық нарықта әлемдік стандарттарға сай жұмыс істеу қиындық туғызады. Ақпараттық және технологиялық индустрияның қарқынды дамуы сонша – салалық мамандардың қолдауы мен сауатты кеңес беру қажеттілігі туындап отырады.
Сауатты сарапшылар мен консультанттардан тұратын біздің команда әр түрлі ауқымды міндеттерді шешуге көмектеседі.
Біз сіздің бизнесіңіздің табысты дамуы үшін кеңес береміз, IT-жүйелердің тиімділігіне талдау жасаймыз, бизнес-процестердің тиімділігіне баға береміз, ұсыныстар айтамыз.
Уақытылы кеңес беру арқылы компания ақпараттық технологияларды енгізуге және жүзеге асыруға жұмсалатын шығынды төмендете алады, біздің ІТ-кеңестердің сауатты қолдауына ие болады, ішкі желіні мәліметтердің жария болуынан және хакерлік шабуылдан қорғайды. Біз компания басшыларына ІТ-қызметтің түрлі бағыттарына салынатын қаржылық құралдарды тиімді жұмсауға болатынын, оларды қайта бөлуге қажеттіліктің болу-болмау мүмкіндігін қарастыруға көмектесеміз.
Штатқа құзыретті маманды ұзақ іздеп әуре болмайсыз, еңбекақы төлеп, үлкен мөлшерде қаржылық қаражат шығындамайсыз және оны оқытуға уақыт жұмсамайсыз.
Бизнесіңізді жүргізу үшін өз ісінің мамандарынан тәуелсіз сарапшылар бағасын бірден ала аласыз.
Сіздің компанияңыздағы ақпараттық процестерді кешенді оңтайландыру бойынша кеңейтілген жоспар аласыз.
Қажет болса, сертификаты бар аудиттердің алдында процестерді жолға қоюдың бірегей мүмкіндігіне ие боласыз.
Аталған саладағы бай тәжірибе. Инженерлік жүйелерді жобалау нарығында 100-ден астам орындалған жобалар. Бизнес бойынша бізге серіктес болуды ұсынамыз!
Жоғары білікті персонал. Біздің барлық қызметкерлердің жоғары техникалық білімі бар және жүйелі түрде білімін жетілдіріп, біліктілігін растап отырады.
Әрбір жобамен жеке жұмыс; біз жұмысымыздың ашықтығына толық кепілдік береміз.
ІТ-консалтинг саласында қызмет көрсетуге жасалған келісімшарт талаптарына сәйкес мерзімді сақтай отырып, жобаларды уақытында жүзеге асыру.
Liviera Investments Limited сіздің экономикалық мақсаттарыңыздың орындалуына көмектесу үшін көптеген қаржылық құралдарды пайдалануға маманданған.
Біз келесі қаржылық құралдарды шығарамыз:
Аккредитив
Құжаттамалық аккредитив
Резервтік аккредитив
Банк кепілдігі
Кепіл хат
Қаражаттың бар екендігін дәлелдеу
Активтердің бар екендігін дәлелдеу
Ресурстардың бар екендігін дәлелдеу
Қосымша сервис:
SWIFT жүйесіндегі сервис
Сауданы қаржыландыру
Факторинг
Қаржылық консалтинг
Сауда консалтингі
IT консалтинг
Тиелмеген тауарлар төлемі үшін аккредитив
Қаржыландыру
Монетизация
Біз келесі елдермен өте белсенді жұмыс істейміз:
Қытай, Индия, Біріккен Араб Әмірлігі (БАӘ), Индонезия, Малайзия, Греция, Америка Құрама Штаттары (АҚШ), Канада, Нигерия, Сингапур, Өзбекстан, Қазақстан, Ауғанстан, Украина, Грузия, Румыния, Гана, Оңтүстік Африка (ОАР), Түркия және тағы басқа елдер.
Біздің команда сіздердің мақсаттарыңыздың орындалып, жоғары нәтижелерге жетуіне көмектеседі.
Біз, Liviera Investments Limited, сіздердің бизнесті табысты дамытуға деген ұмтылыстарыңызға қызығушылық танытамыз және күш-жігерлеріңіздің табыспен өрнектелуіне бар мүмкіндікті жасаймыз.
Біздің команда сіздердің компанияларыңыздың үйлесімді дамып, жұмыс істеуі үшін бар білімі мен тәжірибесін жұмсайды. Біз басқа компанияларға ұқсамаймыз, өйткені жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін қаржылық құралдарды қалай сауатты пайдалануды сөз жүзінде емес, іс жүзінде білеміз: көптеген жіберілген және жұмыс істеп жатқан жобалар бизнестің табысты даму процесін зерттеп-үйренуге мүмкіндік берді.
Философия
Біздің мамандар кез келген бизнес барлық міндеттерге тыңғылықты қарауды қажет ететін сансыз нюанстардан тұратынын жақсы түсінеді. Табыс бойынша басшылық деген болмайды, біліктілік дағдысы қалыптасқан сарапшыларымыз сіздерге тез арада табысқа жетуге көмектеседі. Біз сіздердің қызметіңізге ұсынатын инновациялық шешімдерді табамыз!
Сараптама білім
Біз кез келген бизнес жүргізуде түрлі қиындықтар болатынын жақсы білеміз, дегенмен, сол жолдың әр кезеңінде көмек ұсынуға дайынбыз. Біздің мамандар ондай кәсіби жағдайлардан өткен. Бізде бай тәжірибе мен білім бар және өз саламызда сарапшы болып табыламыз!
Біздің желі:
GҰлыбритания, Франция, Германия, Ресей, Қытай, Жаңа Зеландия, Индия, БАӘ, Индонезия, Малайзия, Греция, АҚШ, Канада, Сингапур, Бельгия, Өзбекстан, Қазақстан, Ауғанстан, Украина, Грузия, Румыния, Гана, ОАР, Түркия, Словакия, Болгария, Венгрия.
Liviera Investments Limited — сіздердің барлық сауданы қаржыландыру жобаларыңыз үшін қаржылық серіктес!