Операциялар көлемі
Мәмілелер сомасы
Клиенттер
Елдер
Қаражаттың бар екендігін дәлелдеу - белгілі бір банк клиенті немесе қандай да бір мәміледе өзінің міндеттемелерін орындауда қаржылық төлем жасауға қабілеттілігін растау үшін компания пайдаланатын қаржылық құралдардың бірі. Қарапайым тілмен айтқанда, аталған құжат - банк берген қаржы көшірмесі, әдетте ол клиенттің есебінде ақша қаражаты бар екенін растайтын SWIFT жүйесі бойынша хабарлама түрінде беріледі.
Аталған көшірме клиенттің есебінде ақша қаражаты қолжетімді, толық көлемде екенін және заңды жолмен алынғанын дәлелдейді. Ол банктермен және ірі компаниялармен келісімшарт жасалғанда пайдаланылады.
Өз клиентінің есебінің жағдайы туралы барлық қаржылық картинаны банктің толық көрсетпеуге құқы бар екенін атап өту қажет. Көшірмеде сол нақты мәміле жасасуға қажетті ақша қаражатының мөлшері ғана көрсетіледі.
Банктің растау хаты – товардың анықталған мөлшерін сатып алу үшін жасалған мәміленің қатысушысы болып табылатын өз клиентінің атынан белгілі бір нақты банк шығаратын хат. Аталған растау хаты көбінесе ірі қаржылық операциялар кезінде, келісімшарт сомасы өте қомақты болған жағдайда пайдаланылады. Әрине, сатушы да сатып алушының қаржылық мүмкіндіктерін растау үшін келісімшарт бойынша оның өз міндеттемелерін орындауға ақша қаражаты жеткілікті ме екендігін білу қажет. Бірақ банктің растау хаты келісімшарт бойынша төлемге қандай да бір кепілдік бола алмайтынын түсіну керек.
Егер сатып алушы аталған көшірмені көрсете отырып, өзінің товарды толық көлемде сатып алуға қаржылық мүмкіндігі бар екенін айтса, онда қаржылық міндеттемелерін орындауға қажетті несие алу үшін ақша қаражаты жеткілікті екенін жанама түрде қосымша растайды. Ондай жағдайда банк қайтарылмайтын тапсырыс алуға не қол қойылған келісімшартқа байланысты аталған фактіні растайтын мәлімдемені жеткізушіге жөнелтеді.
Банктің растау хаты ірі келісімшарт жасағанда жеткізуші үшін сатып алушының алғашқы кепілі болып табылады. Бұл – сатып алушының төлем қабілеттілігін анықтаудың бір жолы. Егер банк растау хатын транкзация басталмастан бұрын шығарып бере алмаса, сатушы сатып алушының товарды төлеп алуға қажетті қаржылық құралдарды (банк кепілдемесі, аккредитив немесе резервті аккредитив) көрсете алмайтынын түсінеді.
Банктің растау хаты - констатациялық факт, бірақ қаржылық міндеттемелерді орындауға уәде бола алмайды. Банктің растау хаты ешқандай жағдайда дайындық туралы хатқа эквивалент болмайды. Банктің растау хаты – сатып алушының банкінен берілетін оның товар алуға қаржылық мүмкіндіктерін растайтын, SWIFT жүйесі бойынша жіберілген жай ғана уәкілетті хабарлама.
Қорды растауды жеке тұлғаға да, заңды тұлғаға да шығарып беру мүмкін.
Қорлардың таусылуы, айналым капиталы ретінде пайдаланылуы не берілуі мүмкін болмайды.
Есептің аталған түрі тексеруге жатады және үшінші тараптың пайдасына (тек халықаралық есептер үшін) SWIFT MT760 арқылы бұғатталуы мүмкін.
Біздің компания қорларды растау бойынша дайын шешім шығара алады, сондай-ақ мәмілені жүзеге асыру үшін өздерінің қор және қаржылық мүмкіндіктерін растау бойынша клиенттерге арнайы дайындалған жеке шешім шығарумен де айналысады.
Liviera Investments Limited сіздің экономикалық мақсаттарыңыздың орындалуына көмектесу үшін көптеген қаржылық құралдарды пайдалануға маманданған.
Біз келесі қаржылық құралдарды шығарамыз:
Аккредитив
Құжаттамалық аккредитив
Резервтік аккредитив
Банк кепілдігі
Кепіл хат
Қаражаттың бар екендігін дәлелдеу
Активтердің бар екендігін дәлелдеу
Ресурстардың бар екендігін дәлелдеу
Қосымша сервис:
SWIFT жүйесіндегі сервис
Сауданы қаржыландыру
Факторинг
Қаржылық консалтинг
Сауда консалтингі
IT консалтинг
Тиелмеген тауарлар төлемі үшін аккредитив
Қаржыландыру
Монетизация
Біз келесі елдермен өте белсенді жұмыс істейміз:
Қытай, Индия, Біріккен Араб Әмірлігі (БАӘ), Индонезия, Малайзия, Греция, Америка Құрама Штаттары (АҚШ), Канада, Нигерия, Сингапур, Өзбекстан, Қазақстан, Ауғанстан, Украина, Грузия, Румыния, Гана, Оңтүстік Африка (ОАР), Түркия және тағы басқа елдер.
Біздің команда сіздердің мақсаттарыңыздың орындалып, жоғары нәтижелерге жетуіне көмектеседі.
Біз, Liviera Investments Limited, сіздердің бизнесті табысты дамытуға деген ұмтылыстарыңызға қызығушылық танытамыз және күш-жігерлеріңіздің табыспен өрнектелуіне бар мүмкіндікті жасаймыз.
Біздің команда сіздердің компанияларыңыздың үйлесімді дамып, жұмыс істеуі үшін бар білімі мен тәжірибесін жұмсайды. Біз басқа компанияларға ұқсамаймыз, өйткені жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін қаржылық құралдарды қалай сауатты пайдалануды сөз жүзінде емес, іс жүзінде білеміз: көптеген жіберілген және жұмыс істеп жатқан жобалар бизнестің табысты даму процесін зерттеп-үйренуге мүмкіндік берді.
Философия
Біздің мамандар кез келген бизнес барлық міндеттерге тыңғылықты қарауды қажет ететін сансыз нюанстардан тұратынын жақсы түсінеді. Табыс бойынша басшылық деген болмайды, біліктілік дағдысы қалыптасқан сарапшыларымыз сіздерге тез арада табысқа жетуге көмектеседі. Біз сіздердің қызметіңізге ұсынатын инновациялық шешімдерді табамыз!
Сараптама білім
Біз кез келген бизнес жүргізуде түрлі қиындықтар болатынын жақсы білеміз, дегенмен, сол жолдың әр кезеңінде көмек ұсынуға дайынбыз. Біздің мамандар ондай кәсіби жағдайлардан өткен. Бізде бай тәжірибе мен білім бар және өз саламызда сарапшы болып табыламыз!
Біздің желі:
GҰлыбритания, Франция, Германия, Ресей, Қытай, Жаңа Зеландия, Индия, БАӘ, Индонезия, Малайзия, Греция, АҚШ, Канада, Сингапур, Бельгия, Өзбекстан, Қазақстан, Ауғанстан, Украина, Грузия, Румыния, Гана, ОАР, Түркия, Словакия, Болгария, Венгрия.
Liviera Investments Limited — сіздердің барлық сауданы қаржыландыру жобаларыңыз үшін қаржылық серіктес!