Операциялар көлемі
Мәмілелер сомасы
Клиенттер
Елдер
Резервтік аккредитив — сатып алушы бұрын жасалған келісімшарттағы шарттарды орындаудан бас тартқан жағдайда оның орнына сатушының төлем операциясын жүргізуіне банк ұйымы жазбаша келісім беретін аккредитивтік есеп айырысу формасы.
төлем операциялары бойынша төлем мерзімін өткізіп алудың не олардың төлем мерзімін кейінге шегерту туралы сұраныстың жиі кездесуімен сипатталады. Агенттер сатып алушымен тығыз байланыста болатындықтан және оған сенетіндіктен, банк ұйымдары арқылы кепілдікті міндетті ресімдеусіз-ақ, тауарды кедергісіз жеткізеді.
Бірақ егер тапсырылған тауардың құны бойынша нақты төлемнің жасалуына ұйымның күмәны бар болса, онда ұйым тапсырысты жеткізу бойынша банктен кепілдік ретінде төлемнің қорғалуын сұрауына толық құқығы бар.
Біз ұсынатын қызмет халықаралық сауданы, дүниежүзі елдері экономикасының ауқымды жаҺандану жағдайында өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудағы бірегей құралы болып табылады. Біздің мамандар барлық туындаған сұрақтар бойынша кеңес беріп, аталған жағдайда көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі.
келісімшартта көрсетілген барлық шарттарды өз тарапынан орындағаннан кейінгі сәтте жеткізуші үшін төлемді қорғау болып табылады. Егер жеткізуші тауарды жеткізіп қойса және аталған операцияны растайтын құжаттарды көрсетуге мүмкіндігі болса, онда банк ұйымы оған нақты ақша мөлшерін төлейді. Ақша қаражатының осы мөлшері оның банк есебінде алдын-ала «айқындалып қоюына» не несиелік ақша ретінде көрсетілуіне болады.
Резервтік аккредитив дегеніміз – Халықаралық сауда палатасы бекіткен талаптар бойынша ресімделген банктік қорғау формасы. Аккредитивтің аталған түрі келісімшартқа отырғанда банк ұйымының қорғауын пайдалануға тыйым салатын мемлекеттермен сауда-саттық байланыстарын жасау үшін, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі қызметтерде пайдаланылады.
Сонымен қатар резервтік аккредитив дегеніміз эмитент болып табылатын банк ұйымының бұрын жасалған келісімшартта көрсетілген төлемдік міндеттемелерін сатып алушы орындай алмайтын жағдайда жеткізушіге қажетті ақша қаражатын аудару міндеті екенін айтуға болады. Сатып алушы «төлемге қабілетсіз» деп танылған жағдайда да төлем жүзеге асырылады.
Тауарларды жеткізуді ұйымдастыру бойынша халықаралық деңгейде келісім жасаудың басты шарты – тапсырыс берілген тауарды төлеуге сатып алушының төлем қабілетті екенін растау фактісі болып табылады. Аталған жағдайда отандық және шетелдік банк ұйымдары банктің әдеттегі кепілдемесіне тапсырыс береді және оны жүзеге асырады.
Резервтік аккредитив пен банк ұйымының кепілдемесін халықаралық деңгейде қолданудың өзара ауысымдық сипаты бар. Аталған екі құжат тапсырыс берушінің қаржылық тұрақтылығын дәлелдейтін және тапсырысты төлеуге оның қабілетті екенін растайтын кепілді тәсіл.
Аккредитив бірнеше мемлекеттің сауда-саттық келісімдерінде қолданыла алады, сонымен қатар халықаралық сауда алаңына шығу үшін жеке бизнесін дамытуды шешкен ұйымға «көмекші» болып табылады. Аккредитив кез келген уақытта алдыңғы жеткізушінің өтінішін ресімдегеннен кейін келесі жеткізушіге қайта жазыла алады, бірақ аталған шешімді өтініш «SWIFT» бағдарламасынан өтіп қойғаннан кейін өзгерту мүмкін болмайды.
Резервтік аккредитив жұмысының өзіне тән принциптері бар:
• жеткізуші мен сатушы келісімшарт ресімдейді, шарт бойынша тауарды жеткізуге соңғысы міндетті. Сатушының банк ұйымының кепілдемесі не аккредитив ретінде тапсырыс берушіден төлемге кепілдік сұрауға құқығы бар. Сатып алушы тауарды уақытында төлемеген жағдайда аталған манипуляцияны ол үшін банк орындайды, аккредитив сол үшін жасалған;
• жасалған мәмілеге сәйкес сатушының сатып алушы аванстық төлемақы жасағаннан кейін ғана тауарды түсіруге құқығы бар. Бұл жерде тапсырыс беруші де тапсырылған тауардың көрсетілген уақыт аралығында жеткізілуін және сапасы сәйкес болуын талап етуге құқылы. Мұнда резервтік аккредитив сатушының сатып алушының алдындағы міндеттемелерін орындауының кепілі ретінде пайдаланылады.
Аталған жағдайларда сатушы тауарды жеткізу процесінде болуы мүмкін тәуекелді жағдайларға барлық жауапкершілікті аккредитив ашылған банк ұйымына жүктейді. Ашылған аккредитив сатушының барлық іс-әрекетінің кепілін қорғау қызметін атқарады.
Халықаралық аренада тұрақты түрде «Тәуелсіз кепілдік және резервтік аккредитивтер туралы Конвенция», ICC UCP 500 и ISP 98 келісілген нөмірлерімен құжаттамалық аккредитивтерге бағытталған түрлі ережелер қолданылады.
Аталған барлық құжаттама Халықаралық сауда палатасының архивінде сақталған. Осы құжаттамада белгіленген ережелерге сәйкес, резервтік аккредитивке және аккредитивтің жалпы барлық түріне қатысты көптеген даулы және шиеленісті сұрақтарды шешуге болады.
Резервтік аккредитивті ресімдеу процесінде банк ұйымы қабылданған ережелерге сәйкес құжаттаманы көрсетуді сұрайды. Аталған пункт келісімшарт жасасу кезінде тараптардың әрқайсысына қорғаудың қажетті деңгейіне қол жеткізуге ықпал етеді. Сатып алушы тапсырылған тауар төлемін жасауға қабілетсіз болған «кез келген жағдайда» аккредитив кепіл бола алады..
Резервтік аккредитивтің, аккредитивтің кез келген басқа түрі сияқты, өзіне тән бірнеше белгісі бар:
сатып алушы төлем операцияларын жасауға қабілетсіз болған жағдайда банк ұйымының міндеттемесі;
келісімшартта көрсетілген бекітілген мөлшерде жеткізушіге ақша қаражатын жіберу кепілі;
бірден-бір жалғыз құжаттың көмегімен келісімшарттың бүкіл әрекет ету мерзімінде жаба алу қабілеті;
аталған аккредитивте әр түрлі есеп айырысу үшін оны жүзеге асыру қабілеті көрсетіледі;
тек берілген өтіңіш көмегімен ғана ашылады;
UCP халықаралық класты заңнама актілеріне бағынады.
Резервтік аккредитив пен банк кепілі пайдаланылуы және қолданылуы жағынан бір-біріне өте ұқсас екенін айта кету керек. Дегенмен, бірнеше позицияда айырмашылықтары бар:
• резервтік аккредитив тапсырыс беруші келісімшартта көрсетілген міндеттемелерін орындай алмаған жағдайда қолданылады, ал жай аккредитив тауарды тиеу және түсіру бойынша барлық құжаттаманы жіті тексергенде ғана жүргізілетін төлемді сипаттайды;
• аккредитив – келісімшарт бұзылғанда сатып алушы өз ақшасын алғанына, ал жеткізуші тауар бойынша төлемін алғанына кепілдік беретін келісімшарттың қосымша қорғаны. Резервтік аккредитивтің жай аккредитивтен айырмашылығы – жүзеге асыру процесінде ең кең тараған және әмбебап форма екендігі;
• резервтік аккредитивтің жүзеге асырылу мерзімі ешқандай шектелмейді және ұлттық заңнамамен бақыланбайды - бұл факт оның халықаралық аренадағы жұмысына үлкен пайыз мөлшерінде сенімділік береді.
Резервтік аккредитивтің жүзеге асырылу процесі әрқашан келісімшарт арқылы белгіленеді. Ресімдеумен сатушының банк ұйымы пайдасына сатып алушының банк ұйымы айналысады. Егер келісімшартқа қатысушылар көрсетілген шарттардың барлығын уақытында орындаған болса, онда резервтік аккредитивті пайдалану мен қолдану қажеттілігі жойылады. Бірақ тараптардың біреуінің шартты бұзушылығы байқалса, тауардың төлеміне қатысты өткір сұрақтарды шешуге бағытталған аккредитив қайтадан әрекет ете бастайды.
Сатып алушы тауарын төлей алмаған жағдайда сатушы банк ұйымына өзінің есебіне тиісті ақша қаражаты түспегендігі туралы жазылған өтінішін береді. Соған қоса, ол банкке сатушы тапсырыс берген тауардың белгіленген елге көрсетілген мөлшерде және сәйкес сапада келіп жеткені жазылған құжат пен оның көшірмесін әкелуі керек.
Банк ұйымы сатып алушыны ақпараттандырмай-ақ сатушының есебіне ақша қаражатын аударады. Содан кейін өтелген төлем банк ұйымына қайтарылады. Осылайша, сөзсіз ақша төлемі жүзеге асырылады. Көп жағдайда аталған құжат шетелдерден тауар жеткізілімі кезінде, сондай-ақ тауар мен қызметті сату-сатып алу бойынша кез келген басқа да келісімдерде қолданылады.
Резервтік аккредитивті өтеу процесі жай аккредитивке қарағанда анағұрлым сирек болатынын айта кетуіміз керек. Ол, негізінен, сауда операцияларын жүзеге асыруда емес, қаржы саласында қолданылады. Резервтік аккредитивті бірнеше банк ұйымдарының бірлесіп қолданатын жағдайлары да болады.
Импорттаушыдан төлем тезірек жүргізіледі, өйткені құжаттар портқа не әуежайға жеткен соң, құжаттарды қарап, тауарды қабылдауға небәрі 3-7 күн қажет.
Банктер SBLC-ты SWIFT MT799 арқылы, содан кейін SWIFT MT760 арқылы жібереді.
Қолжетімді және қолайлы қызмет көрсету, сенімділік пен жеке тіл табу – бұл біздің компанияның бірнеше артықшылығы. Бірлесіп жұмыс істеуге қуаныштымыз!
Affordable and convenient service, high decision-making speed, reliability and individual approach are the few advantages of our company. We will be glad to cooperate!
Liviera Investments Limited сіздің экономикалық мақсаттарыңыздың орындалуына көмектесу үшін көптеген қаржылық құралдарды пайдалануға маманданған.
Біз келесі қаржылық құралдарды шығарамыз:
Аккредитив
Құжаттамалық аккредитив
Резервтік аккредитив
Банк кепілдігі
Кепіл хат
Қаражаттың бар екендігін дәлелдеу
Активтердің бар екендігін дәлелдеу
Ресурстардың бар екендігін дәлелдеу
Қосымша сервис:
SWIFT жүйесіндегі сервис
Сауданы қаржыландыру
Факторинг
Қаржылық консалтинг
Сауда консалтингі
IT консалтинг
Тиелмеген тауарлар төлемі үшін аккредитив
Қаржыландыру
Монетизация
Біз келесі елдермен өте белсенді жұмыс істейміз:
Қытай, Индия, Біріккен Араб Әмірлігі (БАӘ), Индонезия, Малайзия, Греция, Америка Құрама Штаттары (АҚШ), Канада, Нигерия, Сингапур, Өзбекстан, Қазақстан, Ауғанстан, Украина, Грузия, Румыния, Гана, Оңтүстік Африка (ОАР), Түркия және тағы басқа елдер.
Біздің команда сіздердің мақсаттарыңыздың орындалып, жоғары нәтижелерге жетуіне көмектеседі.
Біз, Liviera Investments Limited, сіздердің бизнесті табысты дамытуға деген ұмтылыстарыңызға қызығушылық танытамыз және күш-жігерлеріңіздің табыспен өрнектелуіне бар мүмкіндікті жасаймыз.
Біздің команда сіздердің компанияларыңыздың үйлесімді дамып, жұмыс істеуі үшін бар білімі мен тәжірибесін жұмсайды. Біз басқа компанияларға ұқсамаймыз, өйткені жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін қаржылық құралдарды қалай сауатты пайдалануды сөз жүзінде емес, іс жүзінде білеміз: көптеген жіберілген және жұмыс істеп жатқан жобалар бизнестің табысты даму процесін зерттеп-үйренуге мүмкіндік берді.
Философия
Біздің мамандар кез келген бизнес барлық міндеттерге тыңғылықты қарауды қажет ететін сансыз нюанстардан тұратынын жақсы түсінеді. Табыс бойынша басшылық деген болмайды, біліктілік дағдысы қалыптасқан сарапшыларымыз сіздерге тез арада табысқа жетуге көмектеседі. Біз сіздердің қызметіңізге ұсынатын инновациялық шешімдерді табамыз!
Сараптама білім
Біз кез келген бизнес жүргізуде түрлі қиындықтар болатынын жақсы білеміз, дегенмен, сол жолдың әр кезеңінде көмек ұсынуға дайынбыз. Біздің мамандар ондай кәсіби жағдайлардан өткен. Бізде бай тәжірибе мен білім бар және өз саламызда сарапшы болып табыламыз!
Біздің желі:
GҰлыбритания, Франция, Германия, Ресей, Қытай, Жаңа Зеландия, Индия, БАӘ, Индонезия, Малайзия, Греция, АҚШ, Канада, Сингапур, Бельгия, Өзбекстан, Қазақстан, Ауғанстан, Украина, Грузия, Румыния, Гана, ОАР, Түркия, Словакия, Болгария, Венгрия.
Liviera Investments Limited — сіздердің барлық сауданы қаржыландыру жобаларыңыз үшін қаржылық серіктес!