Әлемдік қаржы құралдары бойынша сарапшылар
> 5 000 000 000 USD

Операциялар көлемі

> 1000

Мәмілелер сомасы

> 700

Клиенттер

209

Елдер

Сұрау қалдыру

Сауда консалтингінің міндеттері

Қатал экономикалық шындыққа сүйене отырып, қазіргі заманауи бизнес - үздіксіз жаңа фомаларға ие болуда, мәселелерді шешудің баламалы жолдары мен әдістерін қарастырады, бағыт-бағдар мен құндылықтардың жүйесін қайта құрады. Егер сіз бизнесіңізді жаңа, анағұрлым жоғары сапалы деңгейге жеткізгіңіз келсе, брендіңіздің құны мен түсетін пайданы арттырғыңыз келсе, онда біздің сауда консалтингінің қызмет көрсету аясында клиенттердің максимальды нарықтық шеңберінде тиімді басқару үшін әрекет ететін компания сауда стратегиясының талдамасы дайындалады.

Кез келген компанияның табысқа жетуінің басты шарты – тауарлар мен қызметті сату жүйесінің, сондай-ақ бар немесе потенциалды  әрбір клиентпен жеке байланыс жасаудың стратегиялық мәнін анықтау болып табылады.

Сауда консалтингінің қызметі

Trade consulting

сыртқы мамандардың көмегімен компанияның ішкі басқару және ұйымдастырушылық міндеттерін шешу. Бізді мамандар - өз ісінің нағыз профессионалдары. Олар компания қызметінде туындаған қателіктердің себебін бірден байқап, аталған мәселелерді оңтайлы шешу жүйесін ұсынуға қабілетті. Компания басшылығы компанияны кеңейту туралы шешім қабылдаған кезде көбінесе сауда консалтингі қызметіне жүгінеді. Аталған жоспарды жүзеге асыру үшін тез арада жаңа мамандар қажет, оларды алдымен тауып, жұмысқа жалдап, бірнеше ай оқытып, міндеттерді орындауына бақылау жасау керек. Тек содан кейін ғана олардың алдына күрделі міндеттерді қоюға болады. Осы аталған әрекеттердің барлығы әлі де кәсіпорынды кеңейту бойынша басшылықтың алға қойған мақсаттарын табысты орындауға кепілдік бере алмайды. Ал бұған дамып келе жатқан компанияның іс жүзінде уақыты жоқ!

Сонымен қатар сауда консалтингінің қызметіне жоғалтатын мәселелері болғанда да жүгінеді: кәсіпорын қиын жағдайда және ішкі ресурстары, тәжірибесі, білімі жеткіліксіз болғанда мәселелерді өздігінен шеше алмайды. Осындай кезде сауда консалтингімен қатар, басқару консалтингі де қажет.

Сауда консалтингінің қызмет түрлері:

•  Кәсіпорынның бизнес-процесін сенімді басқару.
• Стратегиялық жоспарлаудан бастап қайта ұйымдастыруға дейін компания бизнесін «қайта құру»
• Қайта ұйымдастыру, өтім стратегиясын оңтайландыру, өтімнің тиімді жүйесін құру;
• Ассортимент және баға саясатын оңтайландыру;
• Сату және ілгерілеу технологияларын оңтайландыру;
• Нарыққа жаңа брендтерді жасау және шығару. Ребрендинг;
• Бизнесті қалпына келтіру (компанияның төлем қабілеттілігі болмаған жағдайда), кризис-консалтинг;
• Компанияларды біріктіру бойынша қызмет түрлері, сонымен қатар меншікке ие болу бойынша кеңес беру;
• Клиенттермен өзара қарым-қатынасты басқарудың тиімді жүйесін енгізу (CRM). Компанияның клиенттерге бағдарлануын арттыру.

Кадрларды басқару: кадрлық кеңес беру, біліктілігін қайта даярлау, басшылық жасаудың рационалды стилін орнату, корпоративтік мәдениетті қалыптастыру.

Мақсаттар мен міндеттерді бірлесе көруді, бизнесті дамытудың, стратегиялық шешімдер мен жоспарды жүзеге асырудың тиімді жолдарын әзірлеу.

Сауда консалтингі қызметінің көмегімен мүмкін болады:

1. Барлық қаржылық тәуекелді болжап, оларды неғұрлым азайту мүмкіндігімен кәсіпорынның стратегиялық жоспарын құру.

2. Даму стратегиясын анықтау, компанияның алдыңғы позицияға шығуы мен нарықтық ілгерілеуін іске асыру, ассортимент пен баға белгілеу саясатын, сонымен қатар ұсынылатын қызмет пен тауарлар өтімі тактикасын жасау.

3. Ұйымның клиенттермен өзара қарым-қатынасының адал, қолайлы жүйесін қалыптастыру.

4. Кәсіпорынның дистрибутивтік жүйесін құру.

5. Ұйымның құрылымдық бөлімдерін қалыптастыруда және  оңтайландыруда кеңес беру.

6. Брендинг (қажет болғанда, ребрендинг), сонымен қатар компанияны жарнамалауды алға бастыруда, қызмет пен тауарлардың сыртқы тартымды имидж бейнесін жасауда, медиа жоспарлауда кеңестер беру.  

Біздің тәуелсіз консультанттар тауарлар өтімінің стратегиясын жасайды, базалық сауда ұсыныстарының сипаттамасын жүзеге асырады, сондай-ақ әр түрлі каналдар үшін маржиналдық саясат жасай алады, мерчандайзинг пен ассортименттің болуы бойынша кеңес бере алады.  

Сауда стратегиясын жасау - компанияның жалпы стратегиясының құрамдас бөлігі болып табылады және компанияның шығарылатын өнімге не қызметке, тұтынушыға, жеткізушілер мен бәсекелестерге қатысты саясатын анықтайды.

Тауарлар портфелі мен брендтер жүйесін басқару – сауда консалтингінің тағы бір маңызды аспектісі. Ол өнімдер мен брендтер тізбесіне талдау жасауды, синергия тиімділігін қамтамасыз ету үшін портфель стратегиясын жасауды, портфельді күшейту бағыттарын анықтауды қарастырады.

Ілгерілеу саясаты және жарнама саласында сауда консалтингі сауда маркасын жасау, нейминг, жарнамалық бейне мен персонаж, имидж, орауыштар мен жапсырмалар, сондай-ақ бұрыннан бар сауда маркаларының брендингі мен ребрендингін жасау бойынша қызмет түрін ұсынады.

Клиенттермен өзара қарым-қатынас – сауда консалтингі жұмысының басты негіздерінің бірі. Өзара сенімділікке негізделген сауатты қарым-қатынас орнату және ұзақ уақыт бойы клиенттердің қолдауына ие болу кез келген компанияның үлесіне тие бермейді.  Көп жағдайда мұндай компаниялардың басында көреген, сауатты басшы тұрады, ол сол не басқа жоба және оны жүзеге асыру табысты болатынын, ал тағы басқа жоба – керісінше, тыңғылықты талдап, әлі де қарастыруды қажет ететінін саналы түрде сезе біледі. Дегенмен, кейде сезімнің жүзеге аспай қалатын кездері де болады.

Сауда консалтингін өткізгенде клиенттердің адалдығын арттыру бағдарламаларына көңіл бөлудің маңызы зор. Өте маңызды міндет – клиенттердің аталған компанияның қызметіне  қанағаттанушылық деңгейін жоғарылату. Сондықтан біз өзіміздің тапсырыс берушілерімізге клиенттермен өзара қарым-қатынас жасау ерекшеліктеріне мән беруді, қызмет көрсету жүйесіндегі проблемалық жағдайларды зерттеп, оларды шешу жолдарын қарастыруды, сонымен қатар аталған компания қызметіне клиенттердің қанағаттану деңгейін көтеруге бағытталған бағдарламаларды жасауды және жүзеге асыруды ұсынамыз.  

Сауда консалтингінің мақсаттары:

• Компанияның стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін айқындау
• Ұйымды басқару сапасын жоғарылату
• Тиімді бизнес-процестерді құру
• Өнім мен қызмет көрсетуді іске асыру көлемін ұлғайту
• Компанияның нарықтағы дұрыс позициясы
• Нарықтың үлесін арттыру
• Барлық деңгейде шығындар мен жоғалтуларды қысқарту

Сауда консалтингінің міндеттері:
• Компания клиенттерінің қанағаттанушылығын арттыру
• Қызметкерлердің адалдығы
• Компанияның кіріс өсімін қамтамасыз ету
• Жеке капиталдың рентабельділігін арттыру
• Компания активтерінің айналымын ұлғайту
• Компанияның икемділігін және өзгеріп отыратын ортаны жылдам сезіне алу қабілетін арттыру.

Сауда консалтингінің кезеңдері

Сауда консалтингінің кезеңдері:
• Тапсырыс берушіден ақпарат алу және оны талдау.
• Міндеттердің барлық көлемін бағалау және оларды толық зерттеу.
• Қалаған нәтижеге жету үшін мәселелерді шешу бойынша іс-шаралар жоспарын құру. Өзгерістер енгізу бойынша жоспар құру.
• Қалыптасқан стратегияларды енгізу және іс жүзіне асыру.
• Бақылау және толық зерттеу. Туындаған сұрақтарды шешу.

Фирма қызметіне сауда косалтингі мамандарының қатысуы оның нарықтағы позициясын нығайтады. Интеллектуалды көмектің аталған түрі компания қызметіне тиімді және қажетті инвестиция болып саналады.

< Үйге оралу

Сұрау қалдыру

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

Liviera Investments Limited сіздің экономикалық мақсаттарыңыздың орындалуына көмектесу үшін көптеген қаржылық құралдарды пайдалануға маманданған.

Біз келесі қаржылық құралдарды шығарамыз:
Аккредитив Аккредитив
Құжаттамалық аккредитив Құжаттамалық аккредитив
Резервтік аккредитив Резервтік аккредитив
Банк кепілдігі Банк кепілдігі
Кепіл хат  Кепіл хат
Қаражаттың бар екендігін дәлелдеу Қаражаттың бар екендігін дәлелдеу
Активтердің бар екендігін дәлелдеу Активтердің бар екендігін дәлелдеу
Ресурстардың бар екендігін дәлелдеу Ресурстардың бар екендігін дәлелдеу

Қосымша сервис:
Біз сондай-ақ банктік құжаттардың жобаларын дайындаудамыз, сондай-ақ SWIFT жүйесінде қызмет көрсетеміз SWIFT жүйесіндегі сервис
Сауданы қаржыландыру Сауданы қаржыландыру
Факторинг Факторинг
Қаржылық консалтинг Қаржылық консалтинг
Сауда консалтингі Сауда консалтингі
IT консалтинг IT консалтинг
Тиелмеген тауарлар төлемі үшін аккредитив  Тиелмеген тауарлар төлемі үшін аккредитив
Қаржыландыру Қаржыландыру
Монетизация Монетизация

Біз келесі елдермен өте белсенді жұмыс істейміз:
Қытай, Индия, Біріккен Араб Әмірлігі (БАӘ), Индонезия, Малайзия, Греция, Америка Құрама Штаттары (АҚШ), Канада, Нигерия, Сингапур, Өзбекстан, Қазақстан, Ауғанстан, Украина, Грузия, Румыния, Гана, Оңтүстік Африка (ОАР), Түркия және тағы басқа елдер.

Біздің команда сіздердің мақсаттарыңыздың орындалып, жоғары нәтижелерге жетуіне көмектеседі.
Біз, Liviera Investments Limited, сіздердің бизнесті табысты дамытуға деген ұмтылыстарыңызға қызығушылық танытамыз және күш-жігерлеріңіздің табыспен өрнектелуіне бар мүмкіндікті жасаймыз.

Liviera Investments Limited-пен ынтымақтастық схемасы

Біздің команда сіздердің компанияларыңыздың үйлесімді дамып, жұмыс істеуі үшін бар білімі мен тәжірибесін жұмсайды. Біз басқа компанияларға ұқсамаймыз, өйткені жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін қаржылық құралдарды қалай сауатты пайдалануды сөз жүзінде емес, іс жүзінде білеміз: көптеген жіберілген және жұмыс істеп жатқан жобалар бизнестің табысты даму процесін зерттеп-үйренуге мүмкіндік берді.

Философия
Біздің мамандар кез келген бизнес барлық міндеттерге тыңғылықты қарауды қажет ететін сансыз нюанстардан тұратынын жақсы түсінеді. Табыс бойынша басшылық деген болмайды, біліктілік дағдысы қалыптасқан сарапшыларымыз сіздерге тез арада табысқа жетуге көмектеседі. Біз сіздердің қызметіңізге ұсынатын инновациялық шешімдерді табамыз!

Сараптама білім
Біз кез келген бизнес жүргізуде түрлі қиындықтар болатынын жақсы білеміз, дегенмен, сол жолдың әр кезеңінде көмек ұсынуға дайынбыз. Біздің мамандар ондай кәсіби жағдайлардан өткен. Бізде бай тәжірибе мен білім бар және өз саламызда сарапшы болып табыламыз!

Біздің желі:
GҰлыбритания, Франция, Германия, Ресей, Қытай, Жаңа Зеландия, Индия, БАӘ, Индонезия, Малайзия, Греция, АҚШ, Канада, Сингапур, Бельгия, Өзбекстан, Қазақстан, Ауғанстан, Украина, Грузия, Румыния, Гана, ОАР, Түркия, Словакия, Болгария, Венгрия.

Liviera Investments Limited — сіздердің барлық сауданы қаржыландыру жобаларыңыз үшін қаржылық серіктес!

Біз туралы көбірек!

ҰСЫНЫСТАР

Сұрау қалдыру

Сұрау

Сіздің өтініміңізді толтырыңыз, біздің қаржылық кеңесшіңіз сізге хабарласады.
Атауы: *
Электрондық пошта: *
Телефон нөмірі (елдің кодымен):
Қаржы құралын немесе қызметті таңдаңыз:
Қосымша Ақпарат:
Have you contacted us before?
Name of your Trade Finance Manager (if applicable):